Соңғы екі күнде PKK/YPG-лік 13 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс  министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1559366
Соңғы екі күнде PKK/YPG-лік 13 террорист залалсыздандырылды

Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциясы аймағына кіруге әрекет жасаған PKK/YPG-лік 8 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс  министрлігі жасаған мәлімдемеде «Батыр арнайы десанттар «Бейбітшілік бұлағы» аймағына шабуылдауға дайын PKK/YPG-лік 7 террорист кеше залалсыздандырылған болатын. Аймақтан қашқан  тағы 8 PKK/YPG-лік террористің ізіне түскен арнайы десанттар террористерді залалсыздандырды» делінді.

Ұлттық қорғаныс министрлігі алдында жасаған мәлімдемеде Сирияның «Бейбітшілік бұлағы» аймағында PKK/YPG-лік 5 террористің залалсыздандырылғанын мәлімдеген болатын.

Басқа жағынан, Ішкі істер министрлігі террор ұйымы мүшелерінің көндіру жолымен қауіпсіздік күштеріне берілуінің жаңа жылдан кейін де жалғасқанын мәлімдеді. 2021 жылы алғашқы террористің берілгені атап көрсетілді.

Ішкі істер министрлігінің координациясымен Жандармерия қолбасшылы мен Полиция бас дирекциясы бірлесіп жүргізген көндіру жұмыстары аясында PKK террор ұйымынан қашқан 1 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Аталмыш террористің 2014 жылы PKK-ға қосылғаны және Сирияда террор оқиғаларына қатысқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар