Түрік әскерлері сириялық балаларға киім таратты

"Бейбітшілік бұлағы" операциясы аймағындағы әскерлеріміз сириялықтарға жәрдем материалдарын таратты.

1557269
Түрік әскерлері сириялық балаларға киім таратты
mehmetcik baris pinari cocuklar yardim.jpg
mehmetcik baris pinari cocuklar yardim1.jpg

"Бейбітшілік бұлағы" операциясы аймағында міндет атқарып жатқан әскерлеріміз сириялық балаларға азық-түлік пен қыстық киім таратты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде "Бейбітшілік бұлағы" аймағында міндет атқарып жатқан әскерлеріміздің Апат және Төтенше жағдайлар әкімшілік басқармасының ұйымдастыруымен балаларға азық-түлік пен қыстық киім таратқаны хабарланды.

Түрік әскерлері  балаларға арналған 75 азық-түлік пакетін, 200 тоқыма камзол, 250 балалар шапанын, 2500 балалар етігін және 1500 сәбилер жаялығын таратты.  



Ұқсас жаңалықтар