"Түркияға 3 миллион вакцина келді"

Президент Ердоған Стамбулдағы Аясофия-и Кебир мешітінде жұма намазынан кейін мәлімдеме жасады.

1555794
"Түркияға 3 миллион вакцина келді"

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясына қарсы Қытайда өндірілген 3 миллион дана вакцинаның Түркияға келгенін және мұның жалғасы болатынын хабарлады.

2020 жылының бүкіл адамзат үшін қатты және азапты өткенін атап айтқан Ердоған Ковид-19 эпидемиясына қарсы жетілдірілген вакциналарға қатысты маңызды жетiстiктерге қол жеткiзiлгенiн мәлімдеді.

Ердоған «Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде (Қытайдан) сатып алған 3 миллион вакцина келді және мұның жалғасы болады. Біздің мақсатымыз 50 миллион доза. Сонымен қатар Германиядан да сонша вакцина алу туралы келіссөздер жалғасуда» деді.

Президент сондай-ақ Германиямен жүргізілген келіссөздерде вакцина тақырыбында бірлесіп өндірудің күн тәртіпке келгенін атап «Осыған байланысты «Түбитак» (Түркияның ғылыми және технологиялық зерттеулер кеңесі) жұмысын жалғастыруда. Оң өзгерістер бар. Ресеймен де ұқсас бір жұмыс жүргізудеміз. Оған қоса Түркияның жалғасып жатқан отандық вакцина жетілдіру бағдарламасы бар. Қабылданған шаралардың арқасында 2021 жыл індет маңызды мөлшерде азаяды» деді.



Ұқсас жаңалықтар