Ирак пен Сирияда 13 террорист залалсыздандырылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі PKK-лық 10 террористтің әуе операцияларында залалсыздандырылғанын атап көрсетті.

Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» аймағына заңсыз түрде кіруге әрекет жасаған PKK/YPG-лік 3 террорист залалсыздандырылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Тыныштық пен қауіпсіз ортаны бұзуға бағыттап ‘Бейбітшілік бұлағы’ аймағында шабуыл жоспарлаған PKK/YPG-лік 3 террорист батыр арнайы десанттарымыздың арқасында залалсыздандырылды» делінді.
Басқа жағынан Ирактың солтүстігінде Метина және Хафтанин аймақтарында кеше анықталған PKK-лық 10 террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі 2020 жылының соңғы сағаттарында бәсеңдемей террормен күрестің жалғастырылғанын мәлімдеді.
Мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі Метина және Хафтанин аймақтарында барлау және бақылау жұмыстары нәтижесінде анықталған PKK-лық 10 террористің әуе операциясымен залалсыздандырылғаны атап көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар

Тікұшақ апатында 11 әскер шейіт болды
Ұлттық қорғаныс министрі мен Бас Штаб төрағасы тікұшақ апаты болған аймаққа барды.

Түркияда бір тәулікте 68 адам вирустан қайтыс болды
Коронавирустан жазылып кеткендердің саны 2 миллион 601 мың 137 кісіге жетті.