Түрік ғалымдардан 10 секундта диагноз қоятын жиһаз

“Diagnovir” атты жүйенің шетелдік  PCR тесттерінің орнын алуы жоспарланды.

1555277
Түрік ғалымдардан 10 секундта диагноз қоятын жиһаз

Әлем көлемінде жаңалық болатыны білдірілген жоғары технология өнімі “Diagnovir” атты жүйенің шетелдік  PCR тесттерінің орнын алуы жоспарланды.

Түркияда бірінші коронавирус науқасы анықталғаннан кейін құрылған ынтымақтастықпен жеті айға созылған жұмыстың нәтижесін Билкент Университеті ректоры Проф. Абдуллах Аталар жариялады. Ол Түркияда коронавирус байқалғаннан кейін дереу нәтиже беретін бір тест жүйесін жетілдіру үшін жоба басталғанын білдірді. «Бұл жиһаз толығымен түрік өнімі. Түркияға тиісті осы теңдесі жоқ технологияны әлем пайдаланады» деді ол.

Аталмыш жүйе науқастан алынған анализ позитив болатын болса 5-10 секунд ішінде, негатив болатын болса 20-30 секунд ішінде нәтиже береді. Клиникалық зерттеулерде нанотехнологиялық жүйенің дәлдігінің 99 пайыз екені анықталды.

 



Ұқсас жаңалықтар