Президенттік қауіпсіздік және сыртқы саясаттар кеңесі жиналысы өтті

Кеңес 2020 жылын қорытындылау күн тәртібімен Бештепеде видеоконференция арқылы жиналды.

1554896
Президенттік қауіпсіздік және сыртқы саясаттар кеңесі жиналысы өтті

Президенттік қауіпсіздік және сыртқы саясаттар кеңесі жиналысы астана Анкарада өтті. 

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын басшылығындағы жиналыста 2020 жылы жүзеге асырылған жиһандық және аймақтық оқиғалар қолға алынды. 

2020 жылын қорытындылау жиналысында Түркияның сыртқы саясаты мен қауіпсіздік стратегиялары, Фетуллахшы террор ұйымымен күресу, Еуропа Одағы және Америка Құрама  Штаттарымен қарым-қатынастары, Сирия және Ливия тақырыбы, Шығыс Жерорта теңізіндегі соңғы жағдай, Түркияның энергия саласындағы талпыныстары және жиһандық экономикалық қарым-қатынастар талқыланды. 

Жиналыста дүниені дүр сілкіндірген жаңа типті коронавирус індеті алдында Түркияның күшті медициналық жүйесінде жүргізілген табысты күресі түсіндірілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар