BioNTech-пен бірге вакцина өндіреміз

Варанк BioNTech фирмасымен Түркияда бірігіп вакцина өндіру тақырыбын талқылайтындарын білдірді.

1555406
BioNTech-пен бірге вакцина өндіреміз

 

Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк BioNTech фирмасымен Түркияда бірігіп вакцина өндіру тақырыбын талқылайтындарын білдірді.

Варанк Германияда BioNTech компаниясының құрушысы, түрік ғалым Проф. Др. Угур Шахинмен вакцинаны бірге өндіру тақырыбын қолға алғандарын айтты. Ол Түркияның бір жағынан өз вакцинасын өндіруге тырысқанын да білдірді.

«Осы эпидемия көптеген жылдар бойы жалғасады.  Бүгінгі күні вакцинация күнтізбелерін жариялаған елдерге қарағанымызда, әлем халқының аз бір бөлігінің 2021 жылы егілетінін көрдік.  Бәлкім шетелдермен ынтымақтасамыз,  бірақ өзіміздің вакцинамыздың да болуын қалаймыз» деді ол.

 



Ұқсас жаңалықтар