Министр Чавушоғлу жаһандық үміт фестивалінде үн қатты

"Түркия аз дамыған елдердің қамқоршысы болу тұғырын жалғастырады".

1553393
Министр Чавушоғлу жаһандық үміт фестивалінде үн қатты

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның аз дамыған елдердің қамқоршысы болу тұғырын жалғастырғанын айтты.

Чавушоғлу интернеттен Жаһандық үміт (Global Hope) фестивалі аясында өткізілген «2030 жолында тұрақтылық веб семинарына» қатысты.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібін қабылдауда маңызды рөл атқаратынын түсіндірген Чавушоғлу болашақ ұрпаққа таза қоршаған орта, адамның қадір-қасиетіне лайықты өмір, білім, денсаулық, жұмыспен қамту және технологияларға қол жетімділік ұсынатын ортаның маңызына тоқталды.

Бұл салада Түркия қол жеткізген табыстың халықаралық деңгейде ризашылықпен қадағаланғанын білдірген Чавушоғлу «Түркия өзінің гуманитарлық дипломатиясының басым бағыттарының бірі ретінде ең аз дамыған елдердің қамқоршысы болу тұғырын жалғастыруда. БҰҰ бұл елдерге қолдау беру үшін құрылған Достар тобының тең төрағалығын жүргізуде. Аз дамыған елдерге технология жолдау мақсатты құрылған БҰҰ Технология банкіне Гебзе қаласында қонақжайлық жасаудамыз» деді.

Чавушоғлу жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясы бойынша да Түркияның бұл түсінікпен жұмыстарын жалғастырғанын, дін, тіл, нәсіліне қарамастан мұқтаж барлық елдерге жәрдем қолын созғанын жеткізді.

Чавушоғлу «Тұрақты өркендеу нысаналарын жүзеге асыру барлық тұлғалар мен мекемелердің жауапкершілігі және болашақ ұрпаққа қарсы міндетіміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар