Мұстафа Шентоп Скопьеге барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Солтүстік Македония сапары аясында астана Скопьеге барды.

1549183
Мұстафа Шентоп Скопьеге барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп және оның басшылығында делегация Халықаралық Скопье әуежайында қарсы алынды. Қарсы алу рәсіміне Түркияның Солтүстік Македониядағы өкілетті және төтенше елшісі Хасан Мехмет Секизкөк, Солтүстік Македония Мәжілісі төрағасының орынбасары Горан Мисовски, Солтүстік Македоня Атазаң соты төрағасы Салих Мұрат, мемлекеттегі саяси партия өкілдері және түрік азаматтық ұйымы мен қоғамдардың өкілдері қатысты. 

Шентоп сапар барысында " 21 желтоқсан түрік тілінде білім беру күнін" тойлау іс-шараларына қатысады. Сонымен қатар Солтүстік Мекедония Мәжіліс төрағасы Талат Джафери, Солтүстік Македония премьер-министрі Зоран Заев және Солтүстік Македония Президенті Стево Пендаровскимен кездеседі. 

 



Ұқсас жаңалықтар