Афринде Түркия салған аурухана ашылды

Севги ауруханасы ТР Денсаулық сақтау министрлігі және Катар Қайырымдылық қоғамы қолдауымен салынды.

1547520
Афринде Түркия салған аурухана ашылды

Сирияның солтүстік батысында «Зәйтүн бұтағы» операциясымен террористік ұйым YPG/PKK-дан құтқарылған Африн аудандық орталығында Африн халқының қажеттілігі болған Севги перзентханасы мен балалар ауруханасы пайдалануға берілді.

Севги ауруханасында 8 дәрігер, 3 гинеколог, 3 педиатр және 2 жедел жәрдем дәрігері жұмыс істейді. Ауруханада 2 операциялық бөлме және 17 орынға қоса жаңа туған нәрестелердегі сарғаюға арналған 8 инкубатор болады.

Севги ауруханасы ТР Денсаулық сақтау министрлігі және Катар Өркендеу қорына қарасты Катар Қайырымдылық қоғамының қолдауымен салынды.

Түрік Қарулы Күштері (TSK) қолдау берген Сирия Ұлттық армиясы бастаған «Зәйтүн бұтағы» операциясы аясында Африн қала орталығы 2018 жылдың 18 наурыз күні террор ұйымы YPG/PKK-дан құтқарылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар