Ердоған түрік халқының кең пейілділігін түсіндірді

Президент Ердоған еврей халқының "Ханука" мерекесін құттықтады.

1542961
Ердоған түрік халқының кең пейілділігін түсіндірді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның кең пейілділік дәстүрінің барша әлемге үлгі болғанын білдірді.

"Ханука" мерекесіне орай бір жолдама жариялаған Президент Ердоған иудаизм сеніміне ие барлық азаматтардың меркесін құттықтады. 

Діні, тілі, этникасы қандай болса болсын осы елдегі барлық халықтың тең екенін, баршаның өз сенімі және дәстүрі бойынша еркін өмір сүргенін түсіндірген Ердоған осы түсінік бойынша соңғы 18 жылдан бері барлық азаматтардың еркіндік кеңісін кеңейткен, әсіресе сенім, ғибадат және ұждан еркіндіктерін кепілдікке алған қадамдар басқанын баяндады. 

Ердоған "Еліміздегі ешбір азаматымызды киім-кешектері немесе көзқарастары салдарынан шетке қақпадық. Түркияның кең пейілділік дәстүрі барша әлемгі үлгі болуда" деген сөздер қолданды. 

"Ханука" -еврей халқының тарихи мерекесі, бұл күні дәстүр бойынша балауыз шамдар жағылады. Ол-азаттық, бостандық, жарықтың қараңғыны, ізгіліктің зұлымдықты жеңуі мақсатында тойланатын мереке. 



Ұқсас жаңалықтар