Иранмен шекарадағы қабырға аяқталды

Бұл туралы министр хабарлады.

1539695
Иранмен шекарадағы қабырға аяқталды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Түркия мен Иран шекарасындағы 81 километрлік қауіпсіздік қабырғасының құрылысының аяқталғанын білдірді. Министр бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлады.

Ол «Министрлік тарапынан жүргізілген Шекарадағы қауіпсіздік жүйелері аясында Иранмен шекарамызда 81 километрлік қауіпсіздік қабырғасы аяқталды.  Өте қиын шарттарға қарамастан екі жылда жобаның тамамдалуын қамдаған Агры қалалық акиматына,  осы процесте үлкен үлес қосқан Топтық құрылыс басқармасына және атқарушы фирмаларға, жұмысшыларға және инженерлерге, террорлық ұйымнан келетін қауіп-қатерлерден қорғаған қауіпсіздік қызметкерлеріне алғыс айтамыз» деп жазды.

Министр жазбасымен бірге жобаның суреттерін де жариялады.



Ұқсас жаңалықтар