Түркияда соңғы 24 сағатта ковидтен 193 адам қайтыс болды
Эпидемия басталғалы қайтыс болғандар саны 14 мың 129 кісіге жетті.

Түркияның жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресте соңғы 24 сағатта 193 адам қайтыс болды.
Эпидемия басталғалы қайтыс болғандар саны 14 мың 129 кісіге жетті.
Бір күн ішінде 183 мың 624 сынама жүргізіліп, 6 мың 690 жаңа науқас анықталды. 1 күнде вирус жұқтырғандар саны 31 мың 923.
Ауруханадан шыққан 4 мың 821 адамды қосқанда сауығып кеткендер саны 414 мың 141 кісіге жетті.
Басқа жағынан Ғылыми кеңес жиналысының артынан мәлімдеме жасаған Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа белсенді емес вирусқа қарсы вакцинаны жеткізуге арналған келісіме қол қойылғанын атап, «келісім жасалған вакцинаның алғашқы бөлігінің Түркияға 11 желтоқсан күнінен кейін жеткізілуі күтіледі» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Чавушоғлу мен Зариф телефонда сөйлесті
Телефонда екі министр екі жақты және аймақтық тақырыптарды кеңескен.

3 террорист залалсыздандырылды
2021 жылы көндіру әрекеттері нәтижесінде берілген террорист саны 10-ға ұласты.