Түркияда вакцина егу жұмыстары 11 желтоқсанда басталады

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1537729
Түркияда вакцина егу жұмыстары 11 желтоқсанда басталады

Түркияда жаңа типтегі коронавирусқа (Ковид-19) қарсы вакцина егу жұмыстары 11 желтоқсан күнінен бастап сатылы түрде басталады.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Вакцина егу жұмыстарының 11 желтоқсан күнінен бастап сатылы түрде басталатынын білдірген Кожа алғашқы вакцинаның денсаулық қызметкерлеріне егілетінін мәлімдеді. Кожа сондай-ақ вакцинаның кімдерге егілетіні жайлы Ғылым кеңесінің жұмыс істегенін атап көрсетті.

Желтоқсан айында 20 миллион вакцинаның келетіні мағлұматын бөліскен Кожа «Отандық вакцинаның алғашқы сынақтары 14-15 желтоқсан күніне дейін аяқталады» деді.



Ұқсас жаңалықтар