Ердоған "TRT World Forum 2020" видеоконференциясына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған цифрлық дәуірінің жаңа әділетсіздіктерге, құқықсыздықтарға және қақпайлауларға себеп болмауы керектігін айтты.

1537542
Ердоған "TRT World Forum 2020" видеоконференциясына қатысты

Президент Ердоған "Пандемиядан кейін әлемде халықаралық жағдай және өзгерген динамикалар" тақырыбымен бүгін басталған "TRT World Forum 2020" видеоконференциясына қатысты. 

Өмірдегі барлық нәрсе сияқты технологияның да адам өмірін оңайластыру үшін бар екенін түсіндірген президент Ердоған "Алайда бақылау астына алынбаған, барша адамға ашық, құқықтан тыс бір алаң ретінде түсінілген кезде цифрлық жүйе бізге фашизмді әкеледі. Сондықтан цифрлық дәуір еркіндік алаңын кеңейткен кезде жаңа әділетсіздіктерге, жаңа құқықсыздықтарға, жаңа қақпайлауларға апарып соқпауы керек" деді. 

Жамандық пен қылмыс істегендерге мүмкіндік жаратқан бір жүйені еркіндік деп атауға болмайтынын баяндаған Ердоған "Мемлекеттің азаматтарын қорғау үшін басқан жақсы ниетті қадамдарды еркіндікпен күресу ретінде бұрмалауға болмайды. Жақсы ниетті талпыныстарымызға шын жүректен қолдау жасалмайтын болса, онда Түркия әрқандай жағдайда азаматтарының құқығын қорғауды жалғастырады" деген сөздер қолданды. 

Халықаралық медианың Еуропадағы оқиғалардаүш маймыл ойынын ойнағанын және Францияның медиа шабуылына қарсы бір ауыз сынның айтылмағанын түсіндірген Ердоған"Медиа ұйымдарының Ислам және шетелдік дұшпандығына мұрындық болуы өте ұятты оқиға. Баспасөз еркіндігі сылтауымен ұстанған осы тұғырлар доғарылмаса, онда бұның қайғысын Еуропамен бірге барша адам баласы тартады" деді. 

Президент Ердоған халықаралық медиа бірлескен осы таңда "TRT World"-тың құқықсыздыққа қарсы әділетің үні болғанын білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар