"Даусы жетпегендердің даусы болдық"

Ибрахим Ерен форумның беташарында сөз сөйледі.

1537668
"Даусы жетпегендердің даусы болдық"

Түркия Телерадио корпорациясының атқару комитеті төрағасы және бас директор Ибрахи Ерен TRT World Forum арқылы «үнсіз қалғандардың» даусы болғандарын айтты.

Ибрахим Ерен биыл «Пандемиядан кейін әлемде халықаралық тәртіп пен өзгерген динамикалар» атты форумның беташарында сөз сөйледі.

1-2 желтоқсан күндері онлайн болатын форумда Ерен жаһандық платформа қамдауды мақсат еткендерін білдірді. Ол форумда шешім қабылдаушылар,  қоғамдық пікір жетекшілері,  саясат қайраткерлері және азаматтық ұйым өкілдерінің маңызды тақырыптарды талқылайтындарын атап көрсетті.

TRT World Forum алғаш рет өткізілген күннен бері «жаһандық қоғамның мүшелері ретінде бір кемеде екендерін» атап көрсету үшін жұмыстанғандарын білдірген Ерен: «Сонымен бірге кейбір дауыстардың басқа дауыстарға қарағанда көп естілгенін, қатты естілгенін байқадық.  Сондықтан барлық мәселеде еленбей келген, даусы жетпегендер үшін жұмыстандық. Даусы жетпегендердің даусы болдық» деді.

Ерен президент Ердоған секілді форумға үлес қосқандарға алғыс айтты. 



Ұқсас жаңалықтар