Түркия Нигериядағы шабуылды айыптады

Боко Харамның 2009 жылдан бері ұйымдастырған террорлық шабылдарында 20 мыңнан астам адам қаза тапты.

1536425
Түркия Нигериядағы шабуылды айыптады

Түркия Нигерияда Боко Харам террористік ұйымы жасаған шабуылды айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Нигерия Борно уәлаятының Забармари қалашығындағы күріш егістігіне Боко Харам террористік ұйымы жасаған шабуылда 40-тан астам адамның қаза тапқаны, ауыр жараланғандар болғаны хабарына қатты қайғырғаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Осы опасыз террорлық шабуылды айыптаймыз. Шабуылда қаза тапқандардың отбасына, дос және бауырлас Нигерия халқы мен үкіметіне шынайы көңіл айтамыз, жаралыларға шұғыл шипа тілейміз" деп жазылды. 

Нигерияда 2000 жылдың басынан бері пайда болған террористік ұйым Боко Харамның 2009 жылдан бері ұйымдастырған террорлық шабылдарында 20 мыңнан астам адам қаза тапты.

Ұйым 2015 жылдан бері елдің көршілері Камерун, Чад және Нигерге де шабуылдап келеді.

Ұйымның Чад көлі  өңіріндегі шабуылдарында кемінде 2 мың кісі қаза тапты, 3 миллион адам да мекендерінен кетті.   



Ұқсас жаңалықтар