PKK террор ұйымы Арменияның сабында соғысқанын мойындады

PKK/KCK террор ұйымы басшылары террористердің Таулы Қарабахта Әзербайжанға қарсы соғысқанын мойындады.

1536110
PKK террор ұйымы Арменияның сабында соғысқанын мойындады

Сепаратистік террористік ұйым PKK/KCK басшылары террористердің Таулы Қарабахта Әзербайжанға қарсы Армения сабында соғысқанын мойындады.

Қауіпсіздік ақпарат көздеріне қарағанда PKK/KCK террор ұйымы әйел құрылымының басшыларының бірі Лайика Гүлтекин ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында мойындады.

«Біз Қарабахқа барып, армян әскерлермен бірге соғысамыз. Армения халқы қалаған соң әрдайым олармен біргеміз» деген Гүлтекин террористердің Әзербайжанға қарсы соғысқанын ашық түрде атап көрсетті.

Осылайша PKK-лық террористердің Таулы Қарабахта (10 қараша) қол қойылған келісім алдында Арменияның сабында орын алғаны тағы бір рет дәлелденді.

Басқа жағынан қауіпсіздік көздері Түрік Қарулы күштерінің тығыз операциялары салдарынан террор ұйымнан қашудың көбейгенін және ұйым ішінде үлкен ыдырау болғанын жариялады. Ұйымға қосылулар азайып, ұйым қозғалу еріндігін жоғалтты.

Дереккөздер PKK/KCK террор ұйымының Қарабахта Армения армиясы қатарына қосылып, Арменияның Ирактың солтүстігінде өздеріне қолдау беруін мақсат еткендерін, әйелдер мен жастар арқылы қажетті адам жетіспеушілігін қамтамасыз ету сияқты опасыз бір жоспарды жүзеге асыруға тырысқанын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар