TRT World Forum 2020 баспасөз хабарламасы

TRT World Forum 2020 президент Режеп Тайып Ердоғанның ашылу сөзімен басталады.

1535983
TRT World Forum 2020 баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

28.11.2020

            

 

Президент Режеп Тайып Ердоған

TRT World Forum 2020

 

«Пандемиядан кейін әлемде халықаралық тәртіп пен өзгерген динамикалар» тақырыбымен биыл 1-2 желтоқсан күндерінде онлайн болып өтетін TRT World Forum 2020 президент Режеп Тайып Ердоғанның ашылу сөзімен басталады.

 

Әлемнің түрлі жерінен лидерлер,  мамандар,  ғалымдар коронавирус пандемиясынан кейінгі өзгерісті TRT World Forum 2020 аясында талқылайды.  Бағдарламада сегіз ашық отырыс,  сегіз дөңгелек үстел жиналысы және төрт сұхбат орын алады. TRT тарапынан 1-2 желтоқсан күндерінде онлайн болып жүзеге асатын іс-шараға Президент Режеп Тайып Ердоған жыл сайынғыдай биыл да құрметті қонақ болып қатысады.

2017 жылдан бастап TRT жүзеге асырған барлық TRT World Forum-дарға қатысып, Түркия мен әлем күн тәртібіне қатысты таңқаларлық пікірлер ортаға қойған және мәлімдемелерімен әлем баспасөзінің назарын аударған президент Режеп Тайып Ердоғанның биылғы іс-шарада да маңызды мәлімдемелер жасауы күтілуде.

 

Мемлекет басшылары TRT World Forum 2020-да бас қосады

Президент Ердоған бірге жұмыстанған достары Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун және президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынға қоса Өнеркәсіп және Технология министрі Мұстафа Варанк пен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да орын алады. Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтунның әлем күн тәртібімен байланысты маңызды мәлімдемелер жасауы күтілген іс-шарада алдынғы жылдарда болғандай биыл да әлемнің түкпір-түкпірінен ұлттық және халықаралық қатысушылармен жаңғырық туғызатын тақырыптардың күн тәртіпке келуі күтіледі.

«Пандемиядан кейін әлемде халықаралық тәртіп пен өзгерген динамикалар» тақырыбымен ұйымдастырылатын іс-шарада мемлекеттік басшылар маңызды тақырыптарда отырыстарға қатысады. Ибрахим Калын «Пандемия кезеңіндегі көп полярлы әлем: Жаһандық ынтымақтастықтың болашағы», Мевлүт Чавушоғлу «Мемлекет аралық қарым-қатынастарда ковид-19 эпидемиясынан кейінгі жаңа кезең» және Мұстафа Варанк «Пандемиядан кейінгі әлемде технологияның болашағы» отырыстарына қатысып, жаһандық мәселелер қолға алынады.

 

TRT World Forum 2020 іс-шараларына тіркеліп, одан көп ақпаратқа қол жеткізу үшін: www.trtworldforum.com

TRT World Forum 2020 жарнамалық фильмі:

ttps://wetransfer.com/downloads/05f3e6016b338ea52ae118ba47bceda120201128061740/fba6f0 

 



Ұқсас жаңалықтар