Шетелдік студенттер үшін академия

Шетелдік Студент Академиясына өтініш қабылданады.

1535554
Шетелдік студенттер үшін академия

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы тарапынан Шетелдік Студент Академиясына өтініш қабылданады.  Бұл бағдарлама Түркияда жоғары оқу орындарында оқып жатқан шетелдік студенттерге арналған.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы осы тақырыпта хабарлама жариялап, Түркияда білім алатын шетелдік студенттердің академиялық, әлеуметтік және мәдени жақтарын күшейту, мамандықтары бойынша карьераларына үлес қосу мақсатты дайындалған академияға 7 желтоқсан күніне дейін өтініш беруге болатынын білдірді. Академияға өтініштер Түркия Стипендиялары мәлеметтер жүйесі (https://tbbs.turkiyeburslari.gov.tr) ардесінен қабылданады.

Академияда студенттердің жоба дайындау, орындау және организация қабілеттерін жетілдіру және әлеуметтік жауапкершілік санасының қалыптастырылуы мақсат етіледі. Бұл бағдарламаға Түркияда білім алатын барлық шетелдік студенттер қатыса алады.

Академия сонымен бірге шетелдік студенттердің өз салаларындағы ғалым, жазушы және өнер қайраткерлерімен жақын байланыс орнатуына да мүмкіндік береді. Шетелдік Студент Академиясы семинар бағдарламалары, кәсіптік бағдарламалар және мәдениет пен өнер бағдарламалары секілді үш категориядан тұрады. Семинар мен кәсіптік бағдарламалары онлайн атмосферада, мәдениет пен өнер бағдарламалары болса коронавирус сақтық шараларына орай аз қатысушымен өткізіледі.

Шетелдік Студент Академиясына байланысты толық мәліметті "www.turkiyeburslari.gov.tr" адресінен алуға болады.  Студенттердің сұрақтарын akademi@ytb.gov.tr адресіне жолдауына болады.

 



Ұқсас жаңалықтар