Октай ТҰҰМ Жоспарлау мен бюджет комиссиясында сөз сөйледі
Сандық Түркия платформасы 2020 жылы қараша айынан бастап 51,5 миллион пайдаланушыға ұласты.
Вице-президент Фуат Октай Сандық Түркия платформасының қолданушылар саны бойынша 51,5 миллионға ұласқанын айтты.
Октай ТҰҰМ Жоспарлау және бюджет комиссиясында «Сандық Түркия платформасы 2020 жылы қараша айынан бастап 51,5 миллион пайдаланушылар санына қол жеткізіп, 691 мекеме мен ұйымға жалпы 5 мың 287 қызмет ұсынылады» деді.
«2021 жылынан бастап, «AKINCI», «AKYA», «KARAOK» және «ATMACA» жобаларымызда табыс ету қызметін бастауды, «TCG ANADOLU» кемесін құрамымызға қабылдауды жоспарлап отырмыз» деген Октай «2019 жылы саланың айналымы шамамен 11 миллиард доллар, экспорттық сауда көлемі 3 миллиард доллар деңгейіне өсіп, жүргізілген қорғаныс жобаларының саны 700-ден асты. Біздің «ATAK» тікұшағы, «BAYRAKTAR TB2» және «ANKA» пилотсыз ұшақтарының өндірістері мен жеткізілімдері жалғасуда, «GÖKBEY» тікұшағы мен «AKINCI» пилотсыз ұшағының жаппай өндірісіне бағытталған сынақтан өткізу жұмыстары соңғы сатыға жетті» деді.