Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысы хабарламасы

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі (ҰҚК) президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында жиналды.

1534652
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысы хабарламасы

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі (ҰҚК) Жерорта теңізінің шығысында «Ирини» операциясы аясында түрік кемесіне бағытталған біржақты, халықаралық заңдарға және одақтастық қарым-қатынастарға қарама-қайшы операцияны айыптады.

ҰҚК президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында жиналды.

Жиналыстың артынан жасалған хабарламада «Ирини» операциясы аясында түрік кемесіне (рұқсатсыз тінту) жасалған әрекетке қарсы әр салада тиісті қадамдардың басылатыны атап көрсетілді. Хабарламада «Кипрдегі түрік болмысы «жоқ» деп есептеп аралда екі қоғам мен екі мемлекеттің болмысын мойындамауды жалғастырған және тараптар арасындағы дағдарысқа негіз болатын жүктемелер еш қабылданбайды» делінді.

ҰҚК хабарламасында сондай-ақ елдің оңтүстік шекараларында бір террор коридорына нақты түрде жол берілмейтіні тағы бір рет ескертілді.

Хабарламада Әзербайжанның ширек ғасырдан астам уақыттан бері оккупацияланған отан топырағының кері қайтарылуы тақырыбының қуантқанына да назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар