TRT World Forum 2020 биыл 1-2 желтоқсан күндерінде өтеді

Коронавирус эпидемиясына байланысты форум онлайн болады.

1534644
TRT World Forum 2020 биыл 1-2 желтоқсан күндерінде өтеді

TRT World Forum 2020 биыл 1-2 желтоқсан күндерінде өтеді. Биылғы тақырып- Пандемиядан кейін әлемде халықаралық тәртіп пен өзгерген динамикалар»

Коронавирус эпидемиясына байланысты онлайн болатын форумның бірінші отырысында Түркия Телерадио Корпорациясының Атқару комитеті басшысы және бас директоры Ибрахим Ерен сөз сөйлейді.

Әлемнің түрлі жерінен лидерлер,  мамандар,  ғалымдар коронавирус пандемиясынан кейінгі өзгерісті талқылайды.  Бағдарламада сегіз ашық отырыс,  сегіз дөңгелек үстел жиналысы және төрт сұхбат орын алады.

Форумда «Панедмия кезінде журналистика және медианың ролін» Еуропа,  Азия және Африка хабар таратушылар одақтарының басшылары қолға алады. Отырыстарда «Пандемия кезінде жаһандық медициналық проблемаларға ортақ шешімдер», «Еңбек және білім беру саласының болашағы», «Саяхатсыз әлем», «Індет мүмкіндік пе әлде тұйыққа тірелу ме?» деген көптеген тақырыптар талқыланады.

«Өзгерген әлем тәртібінде түрік сыртқы саясаты», «Соғыс және эпидемия: Сирия мен Йеменде күрес», «Әзербайжан мен Армения қақтығысының тағдыры» секілді тақырыптарда да мамандар пікір таластырады.

TRT World Forum-ға Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің Саясат жоспарлау директоры Питер Берковитц, БҰҰ Даму бағдарламасы төрағасы Ашим Штейнер, Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын, Проф. Мехмет Өз секілді қырықтан астам тұлға қатысады.

TRT World Forum 2020-ға қатысу мақсатты тіркелу және бағдарлама жөнінде мәлімет алу үшін www.trtworldforum.com адресіне кіруге болады.

 



Ұқсас жаңалықтар