"Формула-1 автокөлік жарыстары Түркияны танытуға үлес қосты"

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы «Формула-1» автожарыс көліктері жарнамалық фильм түсіріді.

1534899
"Формула-1 автокөлік жарыстары Түркияны танытуға үлес қосты"

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Стамбулдың әсемдігінің F1 (Формула-1) командаларының жарнамалық фильмі арқылы миллиондаған көрерменге ұсынылғанын мәлімдеді.

Коммуникация басқармасы Түркияда болып өткен Формула-1 автокөлік жарыстары аясында Түркия мен Стамбулды таныту мақсатты қаланың әртүрлі аймақтары бейнефильмге түсірілген жарнама фильм жариялады.

Президенттік аппараттың мәлімдемесіне қарағанда жарнамалық фильмде әлемге әйгілі «Формула-1» автокөлік жарыстарының белгілі Redbull Racing және AlphaTauri F1 командалары мен пилоттары Александр Альбон мен Пьер Гасли орын алды.

Фильмде Сұлтанахмет, Галата көпірі, Еуразия туннелі, Арнавуткөй-Бебек жағалауы жолы, Үскүдар Қыз мұнарасы және «15 шілде шейіттер көпірі» сияқты маңызды орындар тиімді кадрлармен спортсүйер қауым мен халықаралық қоғамға таныстырылды.

Жарнама фильмін түсіру барысында екі «Формула-1» жарыс автокөлігі 15 шілде шейіттер көпірі арқылы әлемнің алғаш құрлықаралық өткелі мен пит-стопын орындады.

«Формула-1» автожарыс көліктері Стамбулды аралаған жарнамалық фильмнің бүкіл әлем бойынша жүз миллион көрерменге жол тартатыны күтілуде.

Фахреттин Алтун жарнамалық фильмге қатысты «Стамбұлдың әсемдігі F1 командаларының осы жарнамалық фильмімен бүкіл әлемде миллиондаған көрерменге таныстырылмақ. Біз халықаралық спорттық шаралардың елімізді танытуға қосқан үлесіне бұрынан үлкен мән береміз. Бұған ұқсас жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар