Ердоған Путинмен телефонда сөйлесті

Екі басшы телефондағы әңгімеде Түркия мен Ресей сауда мөлшерін арттыру, Таулы Қарабах, Сирия және Ливиядағы оқиғаларды кеңесті.

1533664
Ердоған Путинмен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті.

Телефондағы әңгімеде Түркия мен Ресей сауда мөлшерін арттыру, Таулы Қарабах, Сирия және Ливиядағы оқиғалар талқыланды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Таулы Қарабахта Түркия Ресеймен бірге құратын "Біріккен орталықтың" қысқа уақытта жұмысқа қосылуын күткенін айтты.

Ердоған Армения тарапының келісімге байланысты жауапкерліктерінен қашуына рұқсат берілмеуі керектігін, "Әзербайжан мен Арменияның Қарабах мәселесі үшін бейбіт шешім табуын қолдау мақсатымен құрылған Минск тобының өзге тең төрағалары АҚШ пен Францияның бейбітшілік талпыныстарын сынға алуын түсінудің мүмкін емес екенін тілге тиек етті.  



Ұқсас жаңалықтар