Ердоған отандық вакцина туралы мәлімдеді

Ердоған отандық вакцинаны сәуір айында қолданатын деңгейге жеткізуді жоспарлағандарын мәлімдеді.

1534137
Ердоған отандық вакцина туралы мәлімдеді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) эпидемиясына қарсы отандық мүмкіндіктермен жетілдірілген вакцинаның кем дегенде сәуір айында қолданатын деңгейге жеткізуді жоспарлағандарын мәлімдеді.

Әділет және даму партиясы төрағасы ретінде партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында сөз сөйлеген Ердоған ковид-19 эпидемиясына қарсы жетілдірілген отандық вакцинаға тоқталды.

«Өзіміз жетілдірген вакцинаны кеш дегенде сәуір айында қолданатын деңгейге жеткізуді жоспарлаймыз» деген Ердоған вакцинаны ең ыңғайлы шарттарда бүкіл адамзаттың қызметіне ұсынатындарын білдірді.

Ердоған желтоқсан айының соңына қарай болса Қытай вакцинасының алғашқы егу жұмыстарын бастауды үміт еткендерін атап көрсетті.

Түркиядағы эпидемияның алды алынбаған жағдайда, одан қолайсыз шаралар қабылдауға мәжбүр қалатындарын атап, «Біз қабылдаған шаралардың салдарынан туындаған қиындықтарды білеміз. Мен өз ұлтымның шыдамдылығы мен қолдауын қалаймын» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар