Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның аймақтық мәселелермен айналысқан кезде әсте басып алушы бір тұғыр ұстанбағанын білдірді.

1534102
Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Әділет және даму патиясы төрағасы ретінде партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында сөз сөйлеген Ердоған "Түркия аймақтық мәселелермен айналысқан кезде жаһандық жүйенің әділетсіздігін тілге тиек етті. Түркия дағдарыстармен күрескен кезде әсте басып алушы бір тұғыр ұстанған жоқ. Біз ешбір елдің территориясына көз тікпейміз. Біз өз ұлтымыздың қауіпсіздігін сақтауға тырысудамыз" деді. 

Сирияда ДАИШ-пен аяусыз соғысқан жалғыз НАТО елінің Түркия екенін түсіндірген Ердоған Түркияның  9 мыңға тарта шетелдік террористі ұстап алып, елдеріне қайтарғанын еске салды. 

Ердоған мемлекет территориялары арқылы қақтығыс болған аймаққа өтуді тосу үшін ерекше талпыныс көрсеткендерін атап өтті. 

Еуропа Одағының «Ирини» операциясы аясында Жерорта теңізінде түрік кемесінде жасалған заңсыз тінту әрекетіне тоқталған президент Ердоған Грекия және Оңтүстік Кипр понти әкімшілігінің Түркияның  Жерорта теңізінің шығысында байсалды тұғыр ұстанғанына қарамастан бір түрік кемесіне шабуыл жасағанын білдіріп, "Бұл әрекет халықаралық теңіз құқығына қайшы" деді. 

Түркияның Таулы Карабахта 30 жылдық бір әділетсіздіктің доғарылуына үлес қосқанын да еске салған Ердоған "Мемлекетіміздің қолдауы арқасында Әзербайжан территориясы болған Крабахтағы армян жаулауы аяқталды. Түбегейлі шешім жайлы үміттер алғаш рет артты. Түркия, Әзербайжан және Ресей қатарлы үш ел аймақта бейбітшіліктің кепілі болады. 30 жылдық бір кешігу болса да Карабахта Әзербайжан байрағы желбіреді" деген сөздер қолданды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар