Грекияның тезірек кездесу үстеліне отыруы керек

Аксой "Грекия қауіпті тілімен және Еуропа Одағына сүйене отырып бір нәтижеге жете алмайтынын түсінуі керек" деді.

1533769
Грекияның тезірек кездесу үстеліне отыруы керек

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиастың әлеуметтік медиада шыққан Түркия жайлы жасаған мәлімдемелерімен байланысты сұраққа жауап қайтарды.

Аксой Дендиастың мәлімдемелерінде Түркияға қарсы айтқан қауіпті сөзінің Грекия тарапының Түркиямен арасындағы мәселелерді диалог және дипломатия жолдарымен шешкісі келмегенін тағы бір рет көрсеткенін түсіндірді. 
Түркияның Шығыс Жерорта теңіз мәселесінде тамыз айынан осы таңға дейін ұстанған байсалды тұғыры және шын ниетті қадамдарынан нәтиже ала алмағанын білдірген Аксой "Түркияның аймақтағы орынды талаптарын, мемлекетіміздің және Кипр түрік халқының құқықтарын қорғау үшін жүргізген табанды жұмыстарын Грекиян "провокация", тіпті "заңсыз" деп бағалады. Бұл Грекияның диалогтан қашудағы  сылтауы болып табылады" деген сөздер қолданды. 
Аксой Түркияның диалог үндеулерін әрқашан жалғастырғанын және бұдан кейін де жалғастыратынын баяндап, "Грекия қауіпті тілімен және Еуропа Одағына сүйене отырып бір нәтижеге жете алмайтынын түсінуі керек. Шарт қоюдан бас тартқаны және тезірек кездесу үстеліне отырғаны жөн" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар