Октай Түркия кемесінің тінтілуін айыптады

Октай: "Грекия «Ирини» операциясы соңғы әрекетімен тарапты екенін тағы бір мәрте анықтады" деді.

1532903
Октай Түркия кемесінің тінтілуін айыптады

Президенттің орынбасары Фуат Октай Түркиядан Ливияға қарай жол тартқан түрік сауда кемесінің заңсыз түрде тінтілуіне байланысты:

"Грекия «Ирини» операциясы соңғы әрекетімен тарапты екенін тағы бір мәрте анықтады" деді. 

Фуат Октай Түркиядан Ливияға қарай жол тартқан түрік сауда кемесінің Жерорта теңізінің шығысында тоқтатылып, халықаралық заңға қайшы түрде тінтілуіне байланысты әлеуметтік желісі Твиттерден наразылық көрсетті.

Фуат Октай төмендегідей хабарлама жариялады:

"Еуропа Одағының заңды Ливия үкіметі  НАТО және елімізбен ақылдаспай бастаған  «Ирини» операциясы соңғы әрекетімен тарапты екенін тағы бір мәрте анықтады. Төңкерісшіл Хафтарға келген қаруларды тексермеген, керісінше заңды Ливия үкіметін жазалауды мақсат еткен осы таластағы операция аясында бір неміс ферегаты тарапынан бір жүк кемемізге жасалған заңсыз тінту әрекетін қатаң айыптаймын."

Түркиядан Ливияға қарай жол тартқан және азық-түлік пен бояу сияқты материалдарды тасымалдаған түрік сауда кемесі Жерорта теңізінің шығысында тоқтатылып, халықаралық заңға қайшы түрде  ұзақ уақыт тінтілді.

«Ирини» операциясы - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ливияға бағытталған қару эмбаргосын бақылау мақсатымен Еуропа Одағы тарапынан Жерорта теңізінде бастаған таластағы бір операциясы болу ерекшелігіне ие. 



Ұқсас жаңалықтар