Бүгін 24 қараша – Мұғалімдер күні

Ұлттық Білім беру министрі Зия Селчук 24 қараша мұғалімдер күніне орай 81 қаладан келген мұғалімдермен Аныткабирге барды.

1533356
Бүгін 24 қараша – Мұғалімдер күні

Министр Селчук және қасындағы министрлік бюрократтары мен мұғалімдерден тұратын делегация алдымен Арыстанды жолмен жүріп, Гази Мұстафа Кемал Ататүріктің мавзолейіне келді және мавзолейге гүл шоғын қойып, артынан үнсіз еске алды.

Кейін «Мисак-ы Милли» мұнарасына өткен Селчук Аныткабир естелік кітапшасына «Бас мұғаліміміз Әзіз Ататүрік! Ұлтымыздың санасына жарық түсіретін мұғалімдеріміздің «24 қараша – мұғалімдер күніне» орай құзырына келіп отырмыз. Ұрпақтарымыздың жарқын болашағы үшін ұлтымызбен бірге ешбір қиыншылық алдында шаршамай, сабыр және шыдамдылықпен осы білім беру шеруімізді барлық мұғалімдермен жалғастыруға бел будық» деп жазды.

Селчук кейін Аныткабирде мұғалімдермен естелік фотосуретке түсті.

Мұғалімдер күні мұғалімдеріміздің абыройын көтеру үшін әртүрлі іс шаралармен тойланатын бір күн болып табылады. Көптеген елде 1994 жылдан бері жыл сайын 5 қазан күні ЮНЕСКО-ның ұсынысымен «Мұғалімдер күні» ретінде тойланады.



Ұқсас жаңалықтар