Түркия Ирак жеріне көз тікпейді

Түркия бір тұтас және бірлескен Ирактың қолдаушысы болады.

1531410
Түркия Ирак жеріне көз тікпейді

Түркияның Иракта тұратын өкілетті елшісі Фатих Йылдыз Түркияның Ирактың территориясына көз тікпейтінін, бірлескен Ирактың қолдаушысы болатынын білдірді.

Фатих Йылдыз Ирак мемлекеттік телеарнасына мәлімдеме жасаған Шиит сарбаздар күші Асайб Ехлилхак ұйымы лидері Кайс әл-Хазалидің Түркия Ирак территориясына көз тігуде деген пайымына жауап берді. 

Әлеуметтік желіден  мәлімдеме жасаған Фатих Йылдыз мыналарды мәлімдеді:

"Түркияның Ирактың территориясына көз тіккенін алға тартқан санаға үн қатамын. Өз қиялдарыңызбен жаратқан негізсіз пайымдауларыңмен Ирактың егемендік және территория тұтастығына басты қауіп төндіргендерден назарды Түркияға аударумен айналыспаңдар.  Түркия бір тұтас және бірлескен Ирактың қолдаушысы болады.  Бұл шындықты Ирак халқы жақсы біледі. Ирак халқын алдай алмайсыздар."



Ұқсас жаңалықтар