Түркиядан Помпеоға қатаң наразылық

Түркия Майк Помпеоның Израиль оккупациялаған Палестина жеріне сапарын айыптады.

1531222
Түркиядан Помпеоға қатаң наразылық

Сыртқы істер министрлігінен жасаған мәлімдемеде АҚШ Сыртқы істер министрі Майк Помпеоның Израильге жүзеге асырған сапары аясында оккупацияланған Батыс Шериядағы бір Израиль тұрғын аймағына баруы айыпталды.

Тұрақты мүшелері арасында АҚШ та бар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2334(2016) нөмірлі шешімінен бастап, Израильдің Палестина жеріндегі қоныс саясатының халықаралық заңдарға қарама-қайшылығын тіркеген БҰҰ қаулыларына қарамастан Помпеоның аталмыш аймаққа баруы мәлімдемеде «ауыр қадам» деп бағаланды.

Мәлімдемеде сондай-ақ «Бұл сапардың арғы жағында Израильдің оккупациялаған Палестина жеріндегі заңсыз әрекеттерін заңдастыру мақсаты бар. Жауапкерсіздікпен басылған мұндай бір жақты қадамдар Израиль-Палестина дағдарысын шешуге бағытталған халықаралық параметрлерге, БҰҰ қарарларына және Палестина халқының құқығы мен еркіндіктеріне зиян келтіре алмайды» делінді.

Бұл әрекеттердің мағынасыз екені тілге тиек етілген мәлімдемеде «Палестиналық бауырларымыздың халықаралық құқықтан туындаған заңды құқығын қорғауды және Палестинаның заңды күресін қолдауды жалғастырамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар