Түркияда бір күнде 141 кісі қайтыс болды

Түркияда асқынып келе жатқан коронавирус індетіне қарсы сақтық шаралары күшейтілді.

1531552
Түркияда бір күнде 141 кісі қайтыс болды

Түркияның жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресте соңғы 24 сағатта 141 адам қайтыс болды. 

Індеттің басынан бері қаза тапқандар саны 12 мың 84 кісіге жетті.

Бір күн ішінде 156 мың 642 сынама жасалып, 5 мың 103 жаңа диагноз қойылды. 

Ауруханадан сауығып шыққан 2 мың 918 адамды қосқанда індеттен сауыққандардың жалпы саны 367 мың 592 адамға көбейді.



Ұқсас жаңалықтар