Чавушоғлу Эфиопиядағы түрік азаматтары туралы мәлімдеді

Министр Чавушоғлу қақтығыстардың қақ ортасында қалған түрік азаматтарымен телефонда әңгімелескенін атап көрсетті.

1530323
Чавушоғлу Эфиопиядағы түрік азаматтары туралы мәлімдеді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Эфиопияның Тиграй аймағында қақтығыстардың қақ ортасында қалған түрік азаматтарының тығыз бастамалар нәтижесінде бас қала Аддис-Абебаға жеткізілгенін жариялады.

Чавушоғлу жеке Твиттер парақшасынан «Алаңда және үстелде мықты Түркия» хэштегімен бөліскен хабарламада Эфиопияның Тиграй аймағында қақтығыстардың ортасында қалған түрік азаматтарымен байланысты «Жақында Түркияға жанұяларына әкелеміз» деді.

Министр Чавушоғлу қақтығыстардың қақ ортасында қалған түрік азаматтарымен телефонда әңгімелесіп, Түркияның әрдайым жандарында екенін атап көрсетті.

Тиграй уәлаятын басқарған көтерілісшіл Тиграй халық азаттық майданы күштері 3 қараша күні ұлттық армия жасақтарына шабуылдаған соң Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед 4 қараша күні Тиграй халық азаттық майданы күштері қарсы әскери операция шешімі қабылдағандарын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар