Мәжіліс төрағасы вакцина жетілдірген түрік ғалымдарды құттықтады

Мұстафа Шентоп ковид-19 вакцинасын жетілдірген профессор Угур Шахин мен жұбайын құттықтады.

1529954
Мәжіліс төрағасы вакцина жетілдірген түрік ғалымдарды құттықтады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп ковид-19 эпидемиясына қарсы вакцина жетілдірген неміс биотехнология фирмасы BioNTech-тің құрушыларының бірі профессор Угур Шахин және жұбайы доктор Өзлем Түреджиді құттықтады.

Шентоп әлеуметтік медиа парақшасынан жасаған мәлімдемеде түрік ғалымдар Шахин мен Түреджимен әңгімелескенін білдірді.

Мұстафа Шентоп «Ковид-19 вакцинасын жетілдірген құрметті ғалымдарымыз профессор Угур Шахин мен доктор Өзлем Түреджимен әңгімелесіп, өздерін құттықтадым. Екі азаматымыздың бұл табысы Түркияға деген сүйіспеншілік пен қызмет ету ынтасы баршамыз үшін мақтанышты. Қайтадан құттықтаймын, табыс тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар