Террормен күрес операциялары жалғасуда

«Евфрат қалқаны» операциялық аймағында PKK/PYD/YPG және ДАИШ-ке мүше 3 террорист ұсталды.

1529315
Террормен күрес операциялары жалғасуда

Сирияда «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында Әл-Баб және Жераблус қалаларында террор ұйымы PKK/PYD/YPG және ДАИШ-ке мүше 3 террорист ұсталды.

Газиантеп губернаторлығы мәлімдемесінде Әл-Баб пен Жераблус қалаларындағы жергілікті қауіпсіздік күштеріне губернаторлық координациясында кеңесшілік қызметі берілгені еске салынды.

Мәлімдемеде «Манбидж аймағында 2014-2016 жылдары арасында террор ұйымы ДАИШ мүше болған және 2016 жылдан бастап террор ұйымы PKK/YPG/PYD террор ұйымына қосылғаны анықталған Г.Х. атты террорист Әл-Бабқа қарасты Бзаа-Рази аумағында қауіпсіздік күштерінің бір үйге жасаған операциясында ұсталды. Аталмыш ұйым мүшесі екені айқындалған М.Х. атты бір террорист болса Әл-Вилат аумағында тұтқындалды. Жераблус қаласында террор ұйымы ДАИШ-ке мүше M.Э.M. атты бір террорист ұйымның құпия үйлерінің бірінде қолға түсті. Үйдегі іздестіру жұмыстары кезінде көптеген қару мен ұялы телефон тәркіленді» делінді.

Ұлттық Барлау ұйымының Ирактың солтүстігінде жүзеге асырған операциясында іздеу салынған террористтер тізімінде орын алған PKK террор ұйымының Синджар кеден жауапкері Ирфан Акджан залалсыздандырылды.

Мардинде болса бөлшектеуші террор ұйымыPKK мүшелері қолданған бір үңгірде күнделікті тіршілік материалдары анықталды.

Ішкі қауіпсіздік операциялары аясында Қалалық Жандармерия қолбасшылығы тарапынан Өмерян ауылдық аймағында «Шәйіт Жандармерия сержанты Мехмет Аджар операциясы» жасалды. Операция барысында жер астына ашылған қақпағы тастармен жабылған бір баспана табылды.

Баспанадағы іздестіру жұмыстарында террористтерге тиесілі киімдер, жеке гигиеналық материалдар мен әртүрлі азық-түлік материалдары тәркіленді. Дәлел іспеттес материалдар қорғауға алынып, қалған материалдар жойылды.



Ұқсас жаңалықтар