Мәжіліс төрағасы «Формула-1» жеңімпазы Хэмилтонды құттықтады

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Түркия Гран-при жеңімпазы Льюис Хэмилтонға айжұлдызды кубогты табыс етті.

1528499
Мәжіліс төрағасы «Формула-1» жеңімпазы Хэмилтонды құттықтады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп «Формула-1» болидтармен жарысатын айналмалы автожарыс бойынша әлем чемпионатында Түркия Гран-при жеңімпазы атанған Мерседес (Mercedes) командасының ұлыбританиялық пилоты Льюис Хэмилтонды құттықтады.

«Формула-1» автожарысы бойынша әлем чемпионатында Мерседестің (Mercedes) пилоты Льюис Хэмилтон Түркия гран-при жеңімпазы аталды. Бұл жеңіспен алдында әлем чемпионаттарында 7 рет жеңімпаз аталған Ферраридің ұлыбританиялық пилоты Михаэль Шумахердің рекордына да ортақ болды.

Түркия Гран-приде 1-ші орынмен сезонның аяқталуына 3 саты қалғанда карьерасының 7-ші чемпиондығын жариялаған Хэмилтонды құттықтаған Мұстафа Шентоп ұлыбританиялық пилотқа ай-жұлдызды кубокты табыс етті.

Әлеуметтік медиада «Intercity İstanbul Park»-тың асфальтін сынға алушыларға сілтеме жасаған Шентоп «Формула-1 автожарысының Стамбул сатысында жеңімпаз аталған Мерседес командасының пилоты Хэмилтонды құттықтап, кубогын табыс еттік. Жол қандай жақсы, солай ма, чемпион!?» деді.

Шентоп сондай-ақ жеке Твиттер парақшасынан «Ресейді 3-2 есебімен жеңген ұлттық құраманы құттықтаймын. #BizimÇocuklar (біздің жігіттер)» деп мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар