5A желтоқсанда ұшырылады

Бұл туралы министр мәлім етті.

1526605
5A желтоқсанда ұшырылады

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Түркияның 5A жасанды серігінің желтоқсан айының ортасында ұшырылатынын білдірді.

Анадолы агенттігінің бағдарламасына қатысқан министр «Коммуникация инфрақұрымын одан сайын нығайту үшін қажетті инвестицияларды жалғастырып жатырмыз» деді.

Пандемия кезінде 5,7 миллиард доллар инвестиция жасалғанын білдірген министр: «5A жасанды серік желтоқсан айының ортасында ұшырылады.  5B-ні болса 2021 жылдың маусым айында жоспарлап отырмыз. 5B-мен интернеттің жылдамдығы 56 гигабайтқа жетеді» деді.

Ол теміржолдарға да тоқталып, Баку-Тбилиси-Карс теміржолы магистралінің Дивриги-Карс желісінде әлеуетті бес миллион тоннадан 20 миллион тоннаға көтеретіндерін білдірді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар