Майк Помпео Түркияға келеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы жеті елге сапарлап шығады.

1525906
Майк Помпео Түркияға келеді

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жұма күні басталатын шетел сапары шеңберінде Түркия, Франция және Израиль секілді жеті елге барады.

Помпео апталық баспасөз брифингінде күн тәртіпке байланысты айтты.  Ол ауқымды шетел сапарына шығатынын білдіріп: «Жұма күнінен бастап Франция, Түркия, Грузия, Израиль, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясына барамын.  Кездесулерімізде көптеген тақырыпты талқылаймыз» деді.

Президент Дональд Трамп әкімшілігінің Таяу Шығыс бейбітшілігі мен «Израильмен қатынастарды жақсарту» процесінде табысты болғанын алға тартқан Майк Помпео әсіресе аймақ елдерімен осы процесті қолға алатындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар