83 миллион ағаш отырғызылады

Ұлттық көшеттендіру күніне Түркиямен қоса отыз ел де атсалысады.

1525378
83 миллион ағаш отырғызылады

«Болашаққа тыныс» акциясы шеңберінде Түркиядағы 81 өңірге қоса 30 ел қатысатын Ұлттық Көшеттендіру күні өтеді. Осы күнге орай 83 миллион көшет отырғызылады.

Егіншілік және орман министрлігінің хабарламасына қарағанда, өткен жылы президент Ердоғанның бастамасымен басталған акция биыл да 11 қараша күні сағат 11.11-де басталады.

Анкарадағы бағдарламада президент Ердоған және Егіншілік және орман министрі Бекир Пакдемирлинің қатысуымен Йылдырым Беязыт Университетінің Чубуктағы қалашығына көшет отырғызылады.

Ұлттық көшеттендіру күні шеңберінде Түркияның 81 өңірі мен 922 ауданымен қоса, биыл бірінші рет Әзербайжан, Босния және Герцоговина, Малта, Косово, Сенегал, Қазақстан және Украина секілді отыз елде де ағаш отырғызылады.



Ұқсас жаңалықтар