Қазіргі жаһандық жүйенің жалғасуы мүмкін емес

Президент Өкілетті елшілер конференциясына қатысты.

1524628
Қазіргі жаһандық жүйенің жалғасуы мүмкін емес

Президент Режеп Тайып Ердоған қазіргі жаһандық жүйенің жалғасуының мүмкін еместігін айтты.

Президенттік сарайдағы 12-ші Өкілетті елшілер конференциясында сөз сөйлеген президент елшілердің биыл қалыпты міндеттеріне қоса соңғы ғасырдағы ең ірі медициналық дағдарыспен күресуге мәжбүр болғандарын білдірді. Экономикалық жағынан да өте мықты елдердің медициналық инфрақұрылымдарының қаншалықты әлсіз екенін көргендерін тілге тиек еткен Ердоған Түркияның осы сынақтан табыспен шыққанын атап көрсетті.

Президент орындының орнына мықтыны,  көпшіліктің орнына бір уыс азшыларды, кедейдің орнына байды қорғаған қазіргі жаһандық жүйенің жалғасуының мүмкін еместігін баса айтты.  Халықаралық қатынастарда жан-жантылық пен аймақтылықтың маңызды бола бастаған білдірген президент былай деді: «Қамтамасыз ету желісі қайта бөлісілген,  өндіріс пен логистика орталықтары қайтадан анықталған,  жаңа аймақтық одақтан құрылған,  саяси және экономикалық арена қайтадан пішінденген бір белдеудеміз.  Елімізге және ұлтымызға жаңа өкініштер әкелмеуіміз керек.  Еліміздің жаңа дәуірдің құрушы елдерінің бірі болуы үшін бар күшімізбен жұмыстанудамыз».

Ердоған бүгінгі күні Ливияда саяси шешімнің үміті қайта оянған болса,  мұнда Түркияның дер кезінде араласуының үлесі бар екенін айтты.  «Жерорта теңізінің шығысындағы барлық оқиғаның жүгін арқалаған еліміздің табиғи ресурстар тақырыбында еленбей қалуына рыза бола алмаспыз. Жерорта теңізіндегі іздеу жұмыстарынан жақында жақсы сүйінші келеді деп сенемін» деді ол.

Президент Ердоған Еуропа Одағының Түркияны өзінен алыстатқан стратегиялық соқырлықтан тез арада құртылуы керектігін айтты.

Ол Шушаның азат етілуіне байланысты қуанышты да атап көрсетті.  Таулы Қарабахтағы оккупация аяқталғанға дейін күрестің тоқтамайтынын айтты.

Ислам дұшпандығының мемлекеттік деңгейде үгіттелгенін айтқан Ердоған: «Ислам дұшпандығымен күресу әрі нанымыз,  әрі шетелдегі азаматтарымызға деген жауапкершіліктен туындайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар