Абдуллах Ерен істі қадағалайтындарын айтты

«Ислам дұшпандығы Францияда шектен асты» деді.

1523305
Абдуллах Ерен істі қадағалайтындарын айтты

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы төрағасы Абдуллах Ерен Францияда жасы кіші балалардың тергелуіне байланысты: «Ислам дұшпандығы Францияда шектен асты» деді.

Twitter есебінен түрік және француз тілдерінде жазба жариялаған Ерен: «Он жасында төрт бала. Үшеуі түрік, бірі Магриб текті. Толық жабдықталған полициялар таңертең ертемен үйлеріне басқын жасап, оятқан.  Балаларды он бір сағат тергеген.  Бір акт те берілмеген. Ақыл,  ұждан, құқық бұны қабылдамайды» деді.

Абдуллах Ерен осы тақырыпты соңына дейін қадағалайтындарын атап көрсетті.

Францияда тұратын он жасар төрт баланы мектептерінде Әзірет Мұхаммедке балағатқа толы карикатураларға байланысты таластан кейін үйлерінен полиция алып кетіп, тергеген еді



Ұқсас жаңалықтар