Зілзалаға орай шетелден көңіл айту жолдамалары келуде

Измирдің Сеферихисар ауданы су айдынында болған 6,6 балдық зілзаладан кейін көптеген елден көңіл айту жолдамалары арт артынан келуде.

1520023
Зілзалаға орай шетелден көңіл айту жолдамалары келуде

Измирдің Сеферихисар ауданы су айдынанда болған 6,6 балдық зілзаладан кейін көптеген елден көңіл айту жолдамалары арт артынан келуде. 

Боливия мемлекет басшысы Луис Катакора Измирдегі зілзалаға орай президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, көңіл айтты және шипа тілектерін білдірді.

Катакора зілзалада зардап шеккен Түркия мен Грекияға селбесу жайлы ізгі тілегін жеткізді. 

Жапония премьер-министрі Суга Есихидэ де президент Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдады.

Есихидэ жеделхатында "Жапония үкіметі және халқы атынан зілзалада  қайтыс болғандардың туыс-туғандары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын және жаралыларға жедел шипа тілеймін" деді.

Сомали премьер-министрі Мұхаммед Хүсейін Робле де президент орынбасары Фуат Октайға телефон шалып, түрік халқына көңіл айтты. 

Аргентина Сыртқы істер министрлігі де зілзалада қайтыс болғандар үшін  "көңіл айту" жолдама жариялады. 

 



Ұқсас жаңалықтар