Ирактың солтүстігіне әуе операциясы

PKK мүшесі 6 террорист әуе шабуылымен залалсыздандырылды.

1519406
Ирактың солтүстігіне әуе операциясы

Ирактың солтүстігіндегі Хакурк және Гара аймақтарында операция жасауға дайындалған бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 6 террорист әуе шабуылымен залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі әлеуметтік медиа парақшасынан Ирактың солтүстігіндегі Хакурк және Гара аймақтарына әуе операциясы жасалғанын жариялады.

Мәлімдемеде барлау және бақылау құралдарымен анықталған және операцияға дайындалғаны анықталған PKK террор ұйымы мүшесі 6 террористің әуе операциясымен залалсыздандырылғаны білдірілді. Мәлімдемеде бейне көріністерге де орын берілді.



Ұқсас жаңалықтар