Ердоған ұлттық күрестің мәңгі жалғасатынын айтты

Преидент Ердоған тарихты еске алатын, танитын, құшақтайтын бір ұрпақ өсіп келе жатқанын айтты.

1518309
Ердоған ұлттық күрестің мәңгі жалғасатынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік ұлтының тәуелсіздік күресі отанға, байраққа, азанға ие болу жалғасқан сайын аяқталмайтынын білдірді.

Президент Ердоған Ұлт Кітапханасында "Республиканың 97 жылында Ұлттық күрес көрмесінің" беташарында сөз сөйледі. 

Ұлы күштің тарихи мұра екенін айтқан президент Режеп Тайып Ердоған:

"Бұл мұра мұқият сақталмаса, 2016 жылы 15 шілдені түсіну де, Республиканың құнын білу де мүмкін емес" деді.

Республика құрылғаннан бері елдің дамуы, өсуі, өркендеуі үшін еңбектенген, талпыныс көрсеткен, тер төккен баршаны құрметпен еске алған Ердоған:

"Республиканы құру арқылы көптеген халықтың жүрегінде тәуелсіздік отын жақтық. Империялистер осыдан қорықты. Тарихтан және территориясынан жойылу қаупі үшін күрескен бір ұлттың асқақ жігеріне үлгі болған рух бүгін де жолымызды нұрдандыруда. Біздің жолымыз жүрегі мен көзі ашық баршаға, езілгендерге үміт беруде" деп көрсетті.

Ердоған:

"Түркияның құқығы мен тәуелсіздігі жолында күресеміз. Елімізді 2023, 2053, 2071 жылдарға жеткіземіз. Өркениетіміздің және тарихымыздың бізге жүктеген жүгі ауыр, әрі абыройлы" деді.

Преидент Ердоған тарихты еске алатын, танитын, құшақтайтын бір ұрпақ өсіп келе жатқанын айтты.  



Ұқсас жаңалықтар