Республика мерекесі ел көлемінде тойлануда

Бас қала Анкарадағы алғашқы рәсім Аныткабирде ұйымдастырылады.

1517883
Республика мерекесі ел көлемінде тойлануда

Республиканың жариялануының 97 жылдығы ел көлемінде, шетелдік өкілеттіктерде және Солтүстік Кипр Түрік Республикасында рәсімдермен тойланады.

Президент Режеп Тайып Ердоған басшылығындағы делегация Ататүріктің мавзолейіне гүл шоғын қояды. Аныткабирдегі рәсімнің артынан мерекелік іс-шаралар президенттік сарайда жалғасады. Президент Ердоған осында 29 қазан құттықтауларын қабылдайды. Ердоғанның осы арнайы күн себепті Бештепеде «Ұлтазаттық күрес көрмесін» ашуы күтіледі.

Бас қаладағы мерекелік қуаныш «Республика мерекесі кортежімен» жалғасады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) басталатын кортеждің шеруі 1-ші мәжіліс алдында аяқталады.

29 қазан Республика мерекесі іс-шаралары аясында бас қаланың кейбір жолдары автокөлік қатынасына жабылады.

29 қазан күнгі іс-шаралар бұл рәсімдермен шектеулі қалмайды.

Коммуникация басқармасының ұйымдастыруымен Анталиядағы Патара Ежелгі қаласында Президенттік  Симфония оркестрі де жергілікті уақытпен сағат 19:23-те «Үлкен Республикалық концерт» береді.

Сонымен қатар Жерорта теңізінде 97 сүңгуірмен бірге арнайы су асты жарықтандыру шоуы өтеді.



Ұқсас жаңалықтар