Тұз көлінде үлкен қойма салынды

Дөнмез: "Табиғи газды сақтау жобасы аяқталғанда 5.4 миллиард текше метрлік табиғи газды сақтау сыйымдылығына жетеміз" деді.

1516899
Тұз көлінде үлкен қойма салынды

Энергия және Табиғи байлықтар министрі Фатих Дөнмез Түркияның Тұз көлі Жер асты табиғи газды сақтау қоймасы жобасы аяқталғанда 5.4 миллиард текше метрлік табиғи газды сақтау сыйымдылығына жететінін айтты.

Фатих Дөнмез Аксарайдағы тарихи Сұлтанханы керуен сарайында "Суреттермен Түз көлі Хабитат көрмесінің" беташарындағы сөзінде Тұз көлінде Түркияның ең ірі жобаларының бірін жасағандарын білдірді.

Фатих Дөнмез:

"Табиғи газды сақтау жобасы аяқталғанда 5.4 миллиард текше метрлік табиғи газды сақтау сыйымдылығына жетеміз. Бұл жоба қоршаған ортаны қорғаудың ең тамаша үлгілерінің біріне айналады. Тұз көлі қоқиқазды қамтыған көптеген құсқа үй иесі болып келеді. Жобадан бұрын қоқиқаз саны 3 мың 500-ге дейін азайған еді. Жоба атқарылғаннан кейін қоқиқаз саны 25 мыңға жетті. Бұл жұмысымыздың табысты нәтиже бергенін көрсетеді" деді.   



Ұқсас жаңалықтар