Операцияда 4 террорист залалсыздандырылды

Хаккариде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған операцияда 4 террорист залалсыздандырылды.

1517423
Операцияда 4 террорист залалсыздандырылды

Хаккариде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған операцияда 4 террорист залалсыздандырылды. 

Ішкі істер министрлігі Юксекова ауданында жасалған террор операциясымен байланысты мәлімдеме жасады. 

Мәлімдемеде Хаккаридің Юксекова аудынында ұйымдастырылған операцияда 4 террористтің залалсыздандырылғаны білдірілді. 

Мәлімдемеде сонымен қатар аймақта операциялардың жалғасқаны баяндалды. 

Енді бір жағынан Ішкі істер министрлігі тарапынан  Батман және Диярбакырда да "Йылдырым-14"(Нажағай-14)  операциясы басталды. 

Министрліктен жасалған мәлімдемеде "Йылдырым" операциялары аясында 13 шілде күнінен осы таңға дейін 137 террористтің залалсыздандырылғаны және 74  террорист қолдаушыларының ұсталғаны мәлімденді. 

Ван провинциясының ауылды жерлерінде болса  террор ұйымы PKK-ға қарсы "Йылдырым-10" (Нажағай-10)операциясы басталды.

Жасалған мәлімдемеде операция аясында көптеген қару-жарақ, қару жабдықтары, қолдан жасалған жарылғыш және күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдардың қолға түсірілгені білдірілді. 

Мәлімдемеде "Аймағымызда халқымыздың тыныштығы мәне амандығын қорғау мақсатымен операциялар жасалды. Сондай-ақ халқымыздың қолдауыимен операциялар үздіксіз түрде жалғасады" делінді. 

 



Ұқсас жаңалықтар