Түркия Минск тобына үндеу тастады

Аксой  Арменияның атысты тоқтату келісімін бұзғанына байланысты сұраққа жазбаша жауап берді.

1516487
Түркия Минск тобына үндеу тастады

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Әзербайжан мен Армения апасында кеше жарияланған атысты тоқтату келісімінің жалғасуы үшін Минск тобы тең төрағаларына "Түбегейлі шешімді көздеген және нәтижеге негізделген келіссөз процесі басталуы керек" деген үндеу тастады.  

Аксой  Арменияның атысты тоқтату келісімін бұзғанына байланысты сұраққа жазбаша жауап берді. 

Арменияның Әзербайжанға шабуылымен басталған қақтығыстар, сондай-ақ 10  және 18 қараша күндері жарияланған атысты тоқтату келісімінің де Армения тарапынан қысқа уақыт ішінде бұзылғаны жайлы сұраққа орай Аксой "Ең соң кеше Америка Құрама Штаттарының талпыныстары нәтижесінде соғыс тұтқындары және мәйіттерінің алмасуына мүмкіндік берген атысты тоқтату келісімі қайтадан жарияланды. Өкінішке орай бұл атысты тоқтату келісімі де Армения тарапынан көп уақыт өтпей бұзылды. Армения  Әзербайжанның ішкі аймақтарындағы жай халықты нысанаға алған шабуылдарын жалғастырды" деген сөздер қолданды. 


 



Ұқсас жаңалықтар