Түркиядан Грекияға "Оруч Реис" жауабы

«Оруч Реис» кемесінің сейсмикалық зерттеулері өз континенттік қайраңымызда жүргізіледі.

1515859
Түркиядан Грекияға "Оруч Реис" жауабы

Түркия «Оруч Реис» кемесінің сейсмикалық зерттеулерін өз континенттік қайраңымызда жүргізгенін жариялады.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Грекия Сыртқы істер министрлігінің Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі Сейсмикалықзерттеу жұмыстары жайлы жасаған мәлімдемелерімен байланысты сұраққа жазбаша жауап қайтарды.

Грекия Сыртқы істер министрлігінің Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі континенттік қайраңында жүргізген сейсмикалық зерттеу жұмыстарының грек континенттік қайраңында жүргізілгенін алға тартқан және бұл жұмыстарды «заңсыз» деп бағалаған «негізсіз бір мәлімдеме» жариялағанын атап көрсеткен Аксой «Сейсмикалық «Оруч Реис» зерттеу кемесінің жұмыстарын жалғастырған қайраң толығымен еліміздің халықаралық заңдар негізінде анықталған және БҰҰ алдында да тіркелген континенттік қайраңда орын алады. Бұл жағдай 2020 жылы 23 қазан күні Грекияның Түркиядағы өкілетті елшілігіне де тағы бір рет ашық түрде түсіндірілді. «Оруч Реистің» 25 қазан – 4 қараша күндері арасында сейсмикалық зерттеу жүргізетін қазіргі жұмыс алаңы Грекия құрлығына 440, елімізге 130 шақырым қашықтықта» деді.

Түркияның әрдайым болғандай Шығыс Жерорта теңізінде әрі өзінің, әрі Кипр түріктерінің заңды құқығына кепілгер екенін, әділет негізіндегі бір шешім үшін келіссөз және ынтымақтастыққа дайын екендерін атап көрсеткен Аксой «Грекияның да елімізбен келіссөзге отырмау үшін жасанды сылтаулар табу мен алғы шарттар ұсынудан бас тартуын күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар